Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов (28.04.1959 ж. туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы қаласы) — дипломат, 1-класты төтенше және өкілетті өкілі, ҚР Сыртқы істер министрі (2012 жылдан бастап).

Биографиясы

Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын урду, хинди, ағылшын тілдерін меңгерген экономист-дипломат мамандығы бойынша (1981), КСРО СІМ-нің дипломатиялық академиясын (1992) бітірген.

19811985 жылдары Пәкістан, Үндістан мемлекеттеріндегі КСРО елшіліктерінде, Қазақ КСР-і СІМ-де жауапты қызметтер атқарды, 1992 – 95 ж. БҰҰ-да Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі болды. Кейінгі жылдары ҚР СІМ-нің Америка елдеріндегі басқарма бастығы (1995), ерекше тапсырма бойынша елші (1995 – 96). ҚР Президентінің көмекшісі (1996 – 97). ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары (1997), департамент директоры, вице-министр қызметтерін атқарды.

19992002 жылдары ҚР Сыртқы істер министрі болды. Кейіннен СІМ-нің бірінші вице-министрі, Ұлыбритания біріккен корольдігі мен Ирландиядағы, сондай-ақ Швеция, Норвегия, Дания елдеріндегі төтенше және өкілетті елші қызметтерін атқарды.

2007 жылдан ҚР-ның АҚШ пен Бразилиядағы төтенше және өкілетті елшісі.

2012 жылдың 28 қыркүйегінен бастап ҚР Сыртқы істер министрі.<ref>Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Е.Ә. Ыдырысовты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі қызметіне тағайындау туралы Жарлығы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бақытжан Сағынтаевтың министрлер кабинеті Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2016 жыл 6 мамыр) Үлгі:Кәрім Мәсімовтың министрлер кабинеті (2014)