Ерлан Есенәліұлы Ақбаров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерлан Есенәліұлы Ақбаров (1975 жылы 25 сәуірде Шымкент облысы Сүткент ауылы) - Қазақстан іскер тұлғасы, инженер.

Білімі

Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің мұнай және газ геологиясы факультетін бітірген (1998), тау-кен-инженері-геолог.

Қызметі

  • 1998 жылдан - «Өзенмұнайгаз» АҚ операторы, бұрғылаушының көмекшісі, инженер-геологы, орталық инженерлік-техникалық қызметі басшысының орынбасары (Жаңа Өзен қ.).
  • 2002 жылдан - «Казбұргаз» - «Казбұргаз-Тараз» АҚ филиалының жетекші геологі.
  • 2005 жылдан бері - «Амангелді Газ» ЖШС геология және өңдеу бөлімінің басшысы, геология және өңдеу бойынша бас директордың орынбасары, бас директордың орынбасары, бас директоры.

Жеке басты мағлұмат

  • Діни көзқарасы - ислам.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары мәдениетті халқы бар ұлы, өркендеген ел».
  • Хоббиі - футбол, құлықтылық, әлеуметтік таңдау тақырыптарына түсірілген кино және бейнефильмдер.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - керкем әдебиет; Л.Н. Толстой,М. Әуезов.
  • Үйленген. Жұбайы - Салықбаева Луиза Жаңбырбекқызы (1981 ж. т.). Балалары - Есенәлі Арина (2005 ж. т.); Есенәлі Арнұр (2006 ж. т.), Есенәлі Шермұхамет (2010 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}