Еркін Ибрагимұлы Нұразхан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еркін Ибрагимұлы Нұразхан (1953 жыл 17 қаңтар Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жаңғызтал ауылы) - суретші.

Әкесі - Нұразханов Ибрагим (1908-1993), Сталин атындағы ұжымшардың, Комсомолдық ауыл кеңесінің төрағасы болған. Анасы - Бақатқызы Бежхан (1915-1980), үй шаруасымен айналысқан.

  • Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін; Т. Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр және көркемсурет институтының көркемсурет факультетін бітірген (1986), сахнаның суретші-технологы.
  • «Кімге күлеміз?» сатиралық суреттердің, «Қабанбай батыр», «Қасым Қайсенов», «Оралхан Бөкеев» кескіндемелік портреттердің және т.б. жұмыстардың авторы.
  • Өскемен (2004, 2010), Семей (2005) қалаларында, Ә. Қастеев атындағы өнер мұражайында (2005) жеке көрмелерін өткізген; Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері мен оқытушылары республикалық көрмесінің (2008), «Арт-үдеріс» (2009), «Көктемгі экзерсистер» (2009) республикалық көрмелерінінің қатысушысы; «Ұлт және руханият» (2003) мақалалар жинағының авторы.
  • Жұмыстары Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында, ҚР Тұңғыш Президенті мұражайында, Шығыс Қазақстан этнографиялық мұражайында (Өскемен), Невзоровтар әулеті атындағы Шығыс Қазақстан бейнелеу өнері мұражайында (Семей), Тарбағатай аудандық тарихи мұражайында (Ақсуат ауылы), О. Бөкеевтің әдеби-мемориалдық мұражайында (Шаңғыстай ауылы) сақталуда.
  • 1983 жылдан - «Балдырған» журналының көркем редакторы. 1991-1992 жылдары - «АлмаСТ» қазақ-түрік бірлескен кәсіпорынының бас суретшісі. 1993 жылдан - «Түркістан» газет-апталығының суретшісі, тілшісі, бөлім меңгерушісі.
  • 2002-2005 жылдары - «Өнер» баспасының бас редакторы. 2006 жылдан - Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайының бөлім меңгерушісі, 2008 жылдың қазан айынан бері - директорының орынбасары.
  • ҚР Журналистер одағының мүшесі (1985 жылдан).
  • ҚР Суретшілер одағының мүшесі (2002 жылдан).
  • ҚР ММ "Мәдениет қайраткері". (2004).
  • ҚР Мемлекеттік марапат: "Ерен еңбегі үшін" медалі (2012).
  • Әскери атағы - ефрейтор.
  • Діни көзқарасы - мұсылман.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Шоқай, Ә. Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынұлы және т.б.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстанды сыбайлас жемқорлықсыз, демократиялы және барлық салада дамыған мемлекет ретінде көргім келеді».
  • Хоббиі - тарих бойынша кітаптар оқу, деректі фильмдер көру.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи әдебиет.
  • Үйленген. Жұбайы - Мейрашева Нұркамал Анашбайқызы (1958 жылы туған), ҚР Ұлттық кітапханасында жұмыс істейді (Алматы қаласы). Қызы - Нұразхан Айман Еркінқызы (1981 жылы туған), кинотанушы; ұлдары - Нұразхан Ерсайын Еркінұлы (1983 жылы туған), әскери қызметте. Нұразхан Ернұр Еркінұлы (1987 жылы туған), «Казкоммерцбанк» АҚ басқарма бастығы;<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub