Ержан Хозеұлы Қазыханов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік қайраткер

Ержан Казыханов (21-тамыз 1964 жыл) - Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі [1], бұрынғы Қазақстан Республикасының сыртқы-істер министрі.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Бұған дейін Қазақстан Республикасының АҚШна елшісі лауазымын атқарып келді.<ref>Үлгі:Cite news</ref> Үйленген екі баласы бар.

Биографиясы

1964 жылы 21 тамызда Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетін бітірген (1987).Тарихшы-шығыстанушы. Ағылшын және араб тілдерін меңгерген. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.

1989-1992 жж. ҚазКСР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы.

1992-1995 жж. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары, 1995-2000 жж. Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі.

2000-2003 жж. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры.

2003-2007 жж. Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы.

2007-2008 жж. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.2008ж. ақпаннан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.

2009-2011 жж. Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі.

2011 ж. ақпан – сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары.

2011 жылғы сәуір айының 11-ші жұлдызы - 2014 жылғы 17 қыркүйегі аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі.

2014 жылғы 17 қыркүйегінен бастап Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдыгы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Тарих ғылымдарының кандидаты. Көпжақты дипломатия және Біріккен Ұлттар Ұйымының қызметі жөніндегі тақырыптар бойынша қазақстандық және шетелдік басылымдарда жарық көрген мақалалар мен жариялынымдардың авторы.

Сілтемелер

<references/>

Үлгі:Кабинет министров Карима Масимова Үлгі:Министры иностранных дел Республики Казахстан Үлгі:Послы Казахстана