Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еренғайып Мәлікұлы Шайқұтдінов (10.5.1933, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Қазан ауылы) – химия ғылымдарының докторы (1975), профессор (1976), ҚР ҰҒА-ның академигі (1994).

Мәскеу Нәзік химия-технологиялық институтын (1956) және аспирантурасын (1962) бітірген. Қарағанды синтетикалық каучук зауытында технолог (1956–1958), ҚазҰУ-да аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі (1963–1978). Қазақ ұлттық техникалық университетінде проректор (1978–1994), ректор (1994-2000) болды. 2000 жылдан профессор қызметін атқарды.

«Исследование в области радикальной сополимеризаций простых винилловых эфиров с некоторыми винилловыми мономерами» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 600-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. «Құрмет» (1998), «Парасат» (2004) ордендерімен марапатталған.<ref>Қазақ Энциклопедиясы, 9 том 18 бөлім</ref>

Шығырмалары

  • Простые виниловые эфиры в радикальной полимеризаций, А.-А., 1985;
  • Новое о полимерах и их применений, А.-А., 1988;
  • Физико-химические и биокибернетические аспекты онкогенеза, А., 1991;
  • Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы, А., 1995;
  • Органикалық химия, А., 1999.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Bio-stub