Ердос Үсенұлы Жаңабергенов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Боксшы Үлгі:Медальдар

Ердос Үсенұлы Жаңабергенов (17.01.1984, Хожелі қаласы, Қарақалпақстан, Өзбекстан) - боксшы, әуесқой бокстан әлем чемпионы (2005), халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Өмірбаяны

Ердос Жаңабергенов 17 қаңтар күні Қарақалпақстанның Хожелі қаласы қаласында дүниеге келеді. Ата-бабасы күштеп ұжымдастыру салдарынан болған аштықтан бас сауғалап алғашында Түркменстанға, сосын Қарақалпақстанға кетуге мәжбүр болады. 7 жастан бастап бокспен шұғылдана бастан Ердостың жанұясы 2001 жылы тарихи отаны Қазақстанға қоныс аударады. Бастапқы кезде Ақтөбеде тұрған Жаңабергеновтер отбасысы кейінрек Ақтау қаласына көшіп келеді. Ақтау қаласындағы білікті бапкер Марат Жәкиевтің қол астында жаттығады.

Қазіргі таңда Ақтау қаласындағы Олимиада резервін дайындайтын жасөспірімдерге арналған мамандандырылған бокс мектебінің директоры қызметін атқарады.

2005 Бокстан әлем кубогы

  • 12 шілде
  • 14 шілде
  • 16 шілде

Ердос Жаңабергенов 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның бокстан ұлттық құрама сапында Мәскеуде өтетін Бокстан әлем кубогына қатысады. Әлем кубогы сарапқа салынатын бәсекеде Қазақстан С тобына түседі. Бұл топта Қазақстаннан бөлек Грузия және құрама Африка командалары өнер көрсетті. Байрақты бәсекедегі Ердостың алғашқы қарсыласы грузин Торнике Ивелашвили болады. Ердос жойқын соққыларымен қарсыласын әбден састырып, 2-ші раундта нокаутқа жібереді. Келесі қарсыласы африкалық болуы тиіс болатын, алайда қарсыласы шаршы алаңға шықпай қояды. Өз тобынан 1-орыннан шыққан Қазақстан құрама командасы жартылай финалда азулы Куба командасына жолығады. Қарсыласқан кедесуде Кубалықтар 1 ұпай айырмашылығымен 5:6 есебімен жеңіске жетеді. Бұл кездесуде Міржан Рахымжанов, Серік Сәпиев, Қанат Орақбаев, Геннадий Головкин және Ердос Жаңабергенов жеңіске жетеді. Финалға бір қадам жете алмай қалған Қазақстан ұлттық құрамасында енді көзге түсіп жүрген Ердос Жаңабергеновтің кубалық Юньер Дортикос Пао нокаутпен жеңгені бокс сүйер қауымның есінде көп уақытқа дейін сақталып қалды. Ердос Жаңабергенов ресейлік Алексей Тищенко, Роман Романчук, кубалық Ян Бартелеми Варела, Гильермо Ригондо Ортис, әзірбайжандық Эмиль Магеррамов секілді турнирдің үздік боксшыларының қатарына кірді.<ref>Әлем кубогы</ref>

2005 жылғы Әуесқой бокстан әлем чемпионаты

  • 16 қараша
  • 17 қараша
  • 18 қараша
  • 19 қараша
  • 20 қараша

Ердос көп уақыт ұлттық құрама команданың бапкерлерінің назарынан тыс қалып жүрді. Алайда Аспан асты елінде өткелі жатқан Әуесқой бокстан әлем чемпионатынының қарсаңында бірнеше халықаралық турнирлерде жеңіске жеткен Ердос 81 кг дейінгі салмақ дәрежесінде өзіне тең келетін боксшы жоқ екенін дәлелдеп, бокстан ұлттық құрама команда сапында өзінің жұлдызды әлем чемпионатына жол тартты.

Жартылай ауыр салмақ
Кезең Спортшы Нәтижесі Спортшы
1/16 Үлгі:Flagicon Ердос Жаңабергенов 34:20 Үлгі:Flagicon Хак Сун Сон
1/8 Үлгі:Flagicon Ердос Жаңабергенов 36:24 Үлгі:Flagicon Бенжамин Макикрен
1/4 Үлгі:Flagicon Ердос Жаңабергенов Үлгі:Comment Үлгі:Flagicon Мұрад Шарауи
1/2 Үлгі:Flagicon Ердос Жаңабергенов 36:31 Үлгі:Flagicon Өткірбек Хайдаров
Финал Үлгі:Flagicon Ердос Жаңабергенов 27:12 Үлгі:Flagicon Марио Сиволич
<ref>Әуесқой бокстан әлем чемпионатының нәтижелері</ref>

Дереккөздер

<references/>