Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Ерболат Тоғысбайұлы Төлепбай (Төлепбаев) (2.10.1955 ж.т., Оңтүстік Қазақстан облысы бұрынғы Ленгер ауданы "Оңтүстік" а.) - кескіндемеші, Қазакстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1990). Қырғызстанның және Ресей (2001) көркемсурет академиясының толық мүшесі. 1973 ж. Қазақ педогогика институтының көркем-графикалық факультетін бітірді. "Маңғыстау күнделігі" (1978), "Суретшінің жастық шағы" (1980), "Санагүл", "Жазғы жайлаудан оралуы (екеуі де 1981), 1941 жылдың хабары", "Түрксіб" (екеуі де 1982), "Жазушы Ш.Айтматов" (1983), "Сүгір" (1986), "Дүйсен және Мария", "Жібек жолы", "Екеуі" (1990) т.б. кескіндемелік еңбектері өткен өмір мен бүгінгі күннің рухани өзара байланысын ғажайып ұлттық дүниетаным тұрғысынан танытады. 1974 жылдан республика бұрынғы одақтық және халықаралық көрмелерге, соның қатарында АҚШ, Бельгия, Германия, Италия, Қытай, Үндістан, Франция т.б. елдерде ұйымдастырылған көрмелерге өз картиналарымен ұдайы қатысып келеді. Кескіндемешінің туындылары Қазақстан Мемлекет өнер мұражайында және Ресей мұражайларында, ТМД, Азия, Америка мен Еуропадағы жеке меншік коллекциялар қорында сақтаулы. Қазақстан Комсомол сыйлық лауреаты (1987), Қазақстан Мемлекеттік сыйлық иегері (2004).<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}