Еміл Сабырұлы Айтқожин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Еміл Сабырұлы Айтқожин (30.5.1933, Алматы қаласы) – ғалым, техника ғылымдарының докторы (1993). Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген (1959). 1959–97 ж. Қазақстан ғылым академиясының Ядролық физика инcтитутында, Физика-техника институтында аға лаборант, инженер, кіші және аға ғылыми қызметкер, лаборатория меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер болды. 1997 жылдан ҚР Ұлттық ядролық орталықтың Ядролық физика институтында бас ғылыми қызметкер. Негізгі ғылыми-зерттеулері радиациялық физика мен радиациялық материалтану саласына арналған. Оның басқаруымен ВВР-К атом реакторында металдардың сырғуын сынауға арналған тәжірибелік база құрылып, құралымдық қорытпалар мен таза металдардың сырғымалылығы зерттелді. Сондай-ақ таза металдардың (уран, мыс, алюминий) радиациялық сырғу құбылысының негізгі заңдылықтарын ашты. Айтқожинның еңбектері көптеген Халықаралық ғылыми конференцияларда тыңдалып, жоғары баға алды. Қазақ КСР-і Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978).<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Еміл Сабырұлы Айтқожин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}