Елена Юрьевна Филинкова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елена Юрьевна Филинкова 1968 жылы 20 маусымда Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Орыс. Әкесі - Филинков Юрий Семенович, темір ұстасы-дәнекерлеуші. Анасы - Филинкова Павлина Георгиевна, зейнеткер. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетін (1993) жеке әнші мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының жанындағы ассистентура-машықтануды (1996) бітірген. Нұр Отан ХДП мүшесі (2007 жылдан). 1997 жылдан бері - Қарағанды академиялық музыка комедиясы театрының - әртіс-вокалисі. «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты (2001). Мәдениет қайраткері (2007). Қазақстанның Еңбек сіңіргөн қайраткері (2008). Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Экономикалық жағынан дамыған, гүлденген мемлекет». Хоббиі - магниттер жинау. Сүйіп оқитын әдебиеті - орыс классиктерінің шығармалары. Тұрмыс құрмаған. Қызы - Филякина Мария Евгеньевна (1995 жылы туған.)<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub