Елена Суреновна Григорян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Елена Суреновна Григорян 1961 жылы 10 қазанда Әзірбайжан КСР Баку қаласында туған. Армян. Әкесі - Меликсетов Сурен Арсенович, зейнеткер, инженер-мұнайшы болған, еңбек ардагері, Мұнай өнеркәсібінің үздігі. Анасы - Меликсетова Эльвира Николаевна, педагог.

Еңбек Қызыл Ту орденді В.И. Ленин атындағы Әзірбайжан педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген (1985), мамандығы - «Бейнелеу өнері». Орыс және ағылшын тілдерін біледі.

Бейнелеу өнерінің түрлері - кескіндеме, графика, керамика. «Сретенье» (1993), «Благовещение» (1995), «Апостол» (2000), «Евхаристия» (2001), «Как Улисс» (2007, коллаждар циклы), «Ангел Товия» (2008), «Прогулка византийской принцессы» жұмыстарының авторы (2008). Ақтау қаласының облыстық көрме залында (1992, 1994); «Діңінен ажыраған кеңістік» («Тәңірі - Ұмай» галереясы, 1996); Anno Domini («Тәңірі - Ұмай» галереясы, 1999, «Ковчег» галереясы, Ақтау қаласы, 1999); The light of the world (АҚШ, 2000); «Тіршілік түтінінде де өрнек бар» (Орталық көрме залы, Алматы қаласы, 2003); «Эдем алабында серуендеу» («Тәңірі - Ұмай» галереясы», 2003); «Бесінші күн» («Вояджер» галереясы, Алматы қ., 2006); «Бірге» (Невзоровтардың бейнелеу өнері мұражайы, Семей қаласы, 2006; «Арвест» галереясы, Алматы қаласы, 2008); En el principio (Барселона қаласы, Испания, 2008; Тосса де маар қаласы, Испания, 2009); «Кездесу» («Алматы АРТ-орталығы» галереясы, 2008); «Улисстәрізді» («Тәңірі - Ұмай» галереясы», 2009) атты жеке кермелерін еткізген. «Маңғыстауға сапар мен шеру» (Ақтау қаласы, 2003-2004); Халықаралық «Азияның шырқау күмбезі астында» Ленд-арт симпозиумы (2005-2007); «АІіа Тетрога» («Тәңірі - Ұмай» галереясы», 2005); «Айнала аймақ», И. Бродскийді еске алу кермесі («Вояджер» галереясы, 2005); «Art Bridge. Қазіргі Орталық Азия мен Закавказье медиа кеңістігіндегі кескіндеме» (Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік енер мұражайы, 2006); Халықаралық «Ашық Каспий» фестивалі аясындағы «Каспий - достық теңізі» (Ақтау қаласы, 2006); «Рождество жобасы» (ARVEST галереясы, 2007-2008) жобаларының кураторы. Ақтау қаласындағы облыстық көрме залының (1992, 1994), «Goodwin House» (АҚШ, 2000), «Sala Almiral gallery» (Барселона қаласы, Испания, 2008), «Капелла сан Мигель» (Тосса де Маар қаласы, Испания, 2009), Алматы қаласындағы орталық көрме залының (2003), «Тәңірі - Ұмай» (Алматы қаласы,1996, 2003) және т.б. галереялардағы халықаралық және отандық кермелерге қатысқан.

1990 жылдан - Ақтау қаласындағы өнер мектебінің көркем белімінің меңгерушісі. 1998 жылдан - Маңғыстау өнер колледжінің кескіндеме белімшесінің меңгерушісі. 2001 жылдан бері - Алматы қаласындағы №83 өнер мектеп-гимназиясының оқытушысы.

ҚР Суретшілер одағының мүшесі. ҚР Білім беру үздігі (1997). Дипломдармен және грамоталармен марапатталған. Діни көзқарасы - православиелік. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Оптимистік». Хоббиі - саяхат жасау. Сүйіп оқитын әдебиеті - И.А. Бродский, Г. Мортон, А. Генис, П. Вайль, У. Эко.

Тұрмыста. Жұбайы - Григорьян Владимир Георгиевич, суретші, педагог. Қызы - Григорьян Эльвира Владимировна, дизайнер.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub