Едіге Айдарбекұлы Масанов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым Едіге Айдарбекұлы Масанов (Үлгі:Туғанкүні СемейҮлгі:Қайтысболғанкүні Алматы) — қазақ кеңес этнографы. Мәскеудің М.В. Ломоносов атындағы университеттің тарих факультетін бітірді. КСРО ҒА Миклухо-Маклай атындағы этнография институтында "19 ғасырдың 2 жартысы - 20 ғасырдың басындағы қазақ халқының үй кәсіпшілігі мен қол өнері" деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. ҚазКСР Ғылым академиясы Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнография институтында аға ғылыми қызметкер болып істеп, республиканың әр түрлі аудандарына жіберілген этнография экспедицияларды басқарды. Ш. Уәлиханов пен Ы. Алтынсарин жайлы құнды деректер жариялады. Оның "КСРО-дағы қазақ халқын этнографиялық тұрғыдан зерттеу жөніндегі очерктері" - революцияға дейінгі Қазақстан жайлы этнографиялық тұңғыш шығарма.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер