Евгений Нүриұлы Жұманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Евгений Нуриұлы Жұманов (9 шілде 1964 жылы туған, Павлодар қаласы) – актер.

Өмірбаяны

  • Шығармашылық қызметі Павлодар орыс драма театры сахнасынан басталған (1986). Алғашқы ойнаған рөлдері: Ромео (У.Шекспирдің “Ромео мен Джульеттасында”), Федотик (А.П. Чеховтың “Апалы-сіңлілі үшеуінде”).
  • 1989 – 96 жылдары Республика орыс драма театрында өнер көрсетті.
  • 1996 жылдан Республика орыс балалар мен жасөспірімдер театрының актері.

Рольдері

  • Калигула (А.Камюдің “Калигуласында”, Қазақстан Мемлекет сыйлығы, 1993)
  • Тихон (А.Островскийдің “Найзағайында”)
  • Клод Фроло (В.Гюгоның “Париж Құдай – Ана соборында”)
  • Жорден (М.Булгаковтың “Жармес Жорденінде”)
  • Сольери (А.С. Пушкиннің “Моцарт пен Сольериінде”)
  • Хосе (П.Мерименің “Карменінде”), т.б. рөлдер көпшілік көңілінен шықты.
  • “Тоғысқан тағдырлар” теледидарлық сериалында Шамиль Байжанов рөлін сомдады (1995 – 2000). <ref> Қазақ энциклопедиясы, 4 том; </ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}