Дәулетбек Таңатұлы Мақаш

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дәулетбек Таңатұлы Мақаш (1955-2004), журналист.

Қазақ Мемлекеттік университетін бітірген (1982). 1982-1991 ж. және 1999 жылдан Қарағанды облыстық «Орталық Қазақстан» газетінде тілші, жауапты хатшының орынбасары, бөлім меңгерушісі, 1991-96 ж. республикалық «Халық кеңесі» газетінің Қарағанды облысы бойынша меншікті тілшісі. 1997-99 ж. ҚарМУ-дің «Қарағанды университеті» газетінің редакторы. Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1990).

Шығармалары «Жүрегімде айтылмаған сыр қалды», «Жазылар естеліктер мен туралы» (2005) кітаптарына топтастырылды.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}