Дәнеш Рақышев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Рақышев Дәнеш<ref>Қазақша энциклопедия 7 том.</ref> (1.5. 1926, Алматы облысы Райымбек ауданы Талды а. — 6.7.1992, Алматы облысы Көксу ауданы Мұқыр а.) — әнші, композитор. Қазақ КСР-інің халық арт. (1986). Р-тың алғашқы өнер мектебі көркемөнерпаздар үйірмесінен басталады. 1944 — 45 ж. Шығ. Түркістандағы қазақтың жас әншілері құрамында ел аралап, өнер көрсетті. 1945 ж. Құлжа қ-ндағы (ҚХР) ұйғыр-қазақ театрының актері болып орналасып, Әбдірахман (Б.Майлин “Шұға”), Жапал, Қалқаман (М.Әуезов “Еңлік — Кебек” пен “Қалқаман — Мамыр”), т.б. сахналық бейнелерді сомдады. 1946 — 49 ж. осы театрдың қазақ бөлімін басқарған. 1959 ж. Қазақстанға оралғаннан кейін бұрынғы Талдықорған облысы Панфилов ауданындағыОктябрьдің 40 жылдығы” халық театрының режиссері қызметін атқарды. 1968 жылдан Талдықорған филармониясының әнші-солисі және осындағы “Тамаша әзіл-сықақ кеші” тобының жетекшісі болды.М.Ержанов, Ж.Елебеков сияқты әншілердің орындаушылық дәстүрін жалғастырды. Р. репертуарында: Үкілі ЫбырайдыңАңшының әні”, Әсеттің “Ардақ”, “Мақпал”, “Атым Әсет”, “Хисмет”, “Аха-ау, жалған”, “Жайқоңыр” әндері, қазіргі қазақ композиторларының әндері бар. Р. “Шаттық толқыны”, “Мақтанышты елім бар”, “Жас қайрат”, “Жер сұлуы Жетісу”, “Комсомол”, “Саясында алманың”, “Жеңеше”, “Туған жер”, “Алматым”, т.б. әндерін шығарған.

Дереккөздер

<references/>

Толықтыру

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дәнеш Рақышев|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}