Дүнгенбай Ботбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүнгенбай Ботбаев (10.1.1927 ж.т., Жамбыл облысы Мерке ауданы Мерке а.) - композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1998). Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) халық аспаптар факультетін (1953, проф. Ш.Қажығалиевтің домбыра класы бойынша), композиция факультетін (професор Е.Г. Брусиловскийдің класы бойынша) бітірген (1966). Қазақ радиосының халық аспаптар оркестрі құрамында домбырашы (1947 -1951), 1951 - 1967 ж. Алматы музыка училищесін педогогика қызметтен айналысты. Ботбаев фортепьяноға арналған 5 және 6 балалар пьесасын (1960 - 1961), эстрада оркестріне арналған сюита (1961) мен увертюра (1962), халық әні тақырыбына жазылған "Толқыма" атты варияция (1963), сонатта (1964), хорға арналған "Сәлем саған" (сөзі Қыдырысовтікі), "Қайран жастық" (сөзі К.Әзірбаевтікі; екеуі де 1972), романстар, әндер, т.б. жазылды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Ол Абайдың «Ғалымнан надан артпас ұққанменен...», «ойға түстім толғандым...», «Қуанбаңдар жастыққа...» деген өлеңдеріне ән-романстар жазды. Ақынның «Мен кердім ұзын қайың құлағанын» деген әнін жеке әнші мен фортепианоға арнап өңдеді.<ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}