Дүйсембі Садықұлы Қылышбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дүйсембі Садықұлы Қылышбеков (1956 жылы туған, Талас ауданы, Тоғызкент ауылы) - кәсіпкер, агро-өндіріс ұйымдастырушысы.

Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын (Қазіргі ТарМУ) бітірген (1978). 1978-95 жылдары Талас ауданындағы құрылыс ұйымдарында инженер, бас инженер, Бостандық ауылы спорт мектебінде жаттықтырушы. 1995 ж. "Садық " шаруа қожалығын ұйымдастырып , ауыл шаруашылық дақылдарын, жеміс-көкөніс өсірумен шұғылданды. 2000 ж. "Мирас" фермерлік шаруашылығын ашып, асық тұқымды жылқы, түйе және сиыр өсіре бастады. Негізін сол жылы қалаған " Гауһартас" ЖШС-і жанар-жағармай өнімдерін тұтынушыға жеткізу қызметімен айналысып, жаңадан ашылған Амангелді газ кенін игеру ісіне атсалысып келеді. 2002 жылы Тараз қаласында ерекше архитектуралық киіз үй пішінінде салынған "Мирас" мейрамханалық кешені тұрғындарға қазақтың ұлттық тағамдарын ұсына бастады. ҚР Президентінің , облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.<ref>Тараз, Жамбыл облысы энциклопедиясы, "Қазақ энциклопедиясының" Бас редакциясы, Алматы, 2003</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер