Дінмұхамед Әділұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Тұлға Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (1900-1930) — қоғам және мәдениет қайраткері, ағартушы.

Өмірбаяны

Дінмұхамед (Дінше, Мұқыш) Әділұлы (13.11.1900 жыл, Ақмола облысы, Ақмола уезі, Шу болысы, қазіргі Жамбыл облысы, Сарысу ауданы - 21.04.1931 жыл, Мәскеу) - алғашқы революция жылдарындағы белгілі қоғам қайраткері.

Кенесары хан қолбасыларының бірі Мыңжасар батырдың немересі. Жеті ағайынды, үлкен ағасы Байсейіт Әділұлы.

  • Дінмұхамед Әділұлы ауылда қазақша сауат ашып, 1909-1913 жылдары Ақмола қалалық қазақ-орыс мектебінде, 1913-1918 жылдары Омбы гимназиясында оқыған, 1919-21 жылдары Ташкенттегі Орта Азия университетінде дәрістер курсын тыңдаған.
  • 1914-18 жылдары Омбы оқу орындарында оқып жүрген қазақ қыз-жігіттерінің саяси және мәдени-ағарту қауымдастығы ретінде танымал «Бірлік» ұйымының мүшесі, бірер мезгіл хатшысы болды.
  • 1917 жылғы қазанда «Алаш» партиясы Ақмола облыстық комитетинің мүшесі болып сайланған. 1917 жылдың соңындағы саяси оқиғаларға байланысты солшыл қанатқа ауысып, жастардың демократиялық кеңесін құрасады.
  • 1917 жылғы сәуірде Д. Әділұлы Ақмола облысы қазақтарының съезіне қатысады, съезде сайланған атқару комитетінің нұсқаулары ретінде Қошке Кемеңгеров екеуі Ақмолаға келіп, Сәкен Сейфуллинмен бірге үйездік қазақ комитетін, жастардың «Жас қазақ» ұйымын ұйымдастырады.
  • 1917 жылғы қазан айында қазақ арасынан барған он шақты делегат жетекшісі ретінде Сібір автономистерінің съезіне қатысуы атақты қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың саяси бағдарындағы ірі бетбұрыс кезеңі болды. Ол съезден кері оралып келе жатқанында Омбыға аялдап, зиялылармен, оқып жүрген жастармен кездеседі. Алаш партиясын құрудың нақты қадамы да осы сапар жасалады. Большевиктердің Петроградтағы 1917 жылғы қазан төңкерісіне орай, Омбыда оқып журген жастар арасында екіұдай көзқкарас туғанда, Әділұлы ұйымның демократиялық қанатында болды. Бұл кезде қызыл әскерлермен Благовещенскіге өткен. Содан қанша қыл көпірден өтіп, минут сайын өмірін құрбан қылуға даяр болып, Омбы шаһарына келеді.
  • Ол Омбы жасақталған қызыләскерлер отряды құрамына Қиыр Шығысқа аттанып, 1918 жылдың сәуір-қыркүйек айларында ақтарға қарсы соғыстарға қатысты.
  • 1918 жылы желтоқсанда Омбыда Колчак үкіметіне қарсы қарулы көтеріліс жасаушылар қатарында болды, көтерілісшілер жеңіліске ұшыраған соң ол жасырынып, ақтар билеген аймақтан кеңес өкіметі орнаған өлкеге қарай қашады.
  • 1920 жылы мұрахат сөрелерінде сақталғын ең алғашқы Жетісу облыстық қазақ дайындық курстарының қаржылық шығындарды дәйектейтін құжаттары куәлік етеді: мұғалім ретінде курста Ғани аптасына ана тілінен 18-22 сағаттан, Ибадулла (курс меңгерушісі) жаратылыстанудан – 6, Діншенің өзі (облоно меңгерушісі) тарих пен мәдениеттанудан – 8 сағаттан дәріс беріп, сабақ өткізіп тұрған.
  • Кеңестердің 1920 жылғы қазанда Орынборда өткен ұйысу съезі Дінмұхамед Әділовты сырттай Қазатком (КирЦИК) мүшесі етіа сайлады. Дінше Орынборда Кеңестік Қазақ Республикасының тұңғыш сайланған Орталық Атқару Комитетінің мүшесі, алғашқы кеңестік үкімет құрамындағы Ішкі істер халық комиссариатының алқа мүшесі, халық комиссариатының орынбасры, бірер мезгіл міндетін атқарушы болған аз мерзімде жас мемлекет іргесін нығайтуға бағытталған едәуір жұмыс жүргізді (Батыс үйездерінің біріндегі ахуал жайында Қазатком Төралқасы межілісінде арнайы баяндама жасады, Ақмола үйезі қазақтарының көңіл-күй зеттеу үшін іссапарға арнайы жауапты қызметкер аттандырды, халкоматтың ішкі қызмет тәртібін нығайтуға бағытталған шара қабылдады, т.б.) және әр қадамында ұлт мүддесі талабын ескеріп отырады.

Еңбек жолы

  • 1919 жылдың ортасынан Түркістан Республикасы коммунистерінің мұсылман бюросынан жұмыстарына қатысады. Сұлтанбек Қожановпен бірге Қазақ ағарту институтында оқытушы болып істейді, педагогикалық кеңестің хатшысы қызметін атқарады.
  • 1920 жылғы мамырда Түркатком мен Ағарту халкоматы оны Жетісу облыстық оқу бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындап, Верныйға жібереді. Мұнда ол облыстағы оқу-ағарту ісін басқарып-ұйымдастырумен қатар, мұғалімдер дайындау курсына тарих пен мәдениеттен сабақ береді.
  • 1920 жылғы қазанда өткен Қазақстан Кеңестерінің Ұйысу құрылтайында Д. Әділұлы Қазатком (КирЦИК) мүшесі болып сырттай сайланады. Орынборға келіп, Ішкі істер халкоматының алқа мүшесі, халком орынбасары болады.
  • 1991-1924 жылдары- Қазақ ағарту институтының оқытушысы, директоры, ТР Ағарту халкоматы ғылыми кеңесінің мүшесі.
  • 1923 жылы жаздың соңына қарай, ол Ташкентке қызмет істеу мақсатымен келеді. Орта Азия университетінде дәріс тындай жүріп, алғаш оқытушылық тәжірибеге тартылған 1919 жылдан өз үйіндей көретін Қазақ ағарту институтына (Киринпрос, бұрынғы педучилище) оқытушылық қызметке қабылданады. Наркомпрос жанындағы қазақ ғылыми комиссиясының мүшесі қатарына енгізіледі. Онда Халел Досмұхамедов, Әбубәкір Диваев, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Әуезов, Мырзағазы Есполов, Бекайдар Аралбаев секілді ел тағдырын жани ащи ойлайтын азаматтармен бірге оқу-білім мұқтаждықтарын талқыласады, оқулық жазады. «Біз бәріміз бірге жұмыс атқардық. Жалпы барлығы да көрнекті қызметкерлер болатын», - деген лебізбен еске алды Әділов аталған үзеңгілестерін.

Ұлт театрын құру мәселесі

Құрылтай автономиясындағы «халық ағартудың кезекті мәселелері жөнінде» арнайы қарар қабылдады. Осы қарарда съезд делегаттары «тұрмысы жүдеу, артта қалған Қазақстанды күшті, шаруашылығы жаңғырған, мәдениетті кеңес республикасына айналдыру» жолдарын, оның ішінде ұлт театрын құру мәселесінде атап айтып, жеке 29-бабпен «Қазақтың ұлттық театрын құру жеделдетілсін» деп тұжырған болатын.

1925 жылы Қазақ Республикасы Ағарту халкоматында істеп жүріп, Ұлт театры Мұхтар Әуезов атындағы қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының бірінші тікелей ұйымдастырушысы, тұңғыш директоры. Сонымен бірге, алғашқы көркемдік жетекшісі де, бас режиссері болды.

"Халық жауы" атануы және жазықсыз атылуы

Кеңес өкіметінің ірі байларды тәркілеу науқанын өткізуіне қарсылық көрсетті деген желеумен, 1928 жылғы 17 желтоқсанда ГПУ қарулы жасағының күшімен қамауға алынды. Әйгілі «Алаш ісі» бойынша ату жазасына кесілген алғаш он үш адамның бірі. 1930 жылы 21 сәуірде Мәскеуде атылды. Ваганька зиратына құпия жерленді.

Ақталуы

1988 жыл, 4 қараша – Қазақ КСР Жоғарғы Сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы ақталды. 1988 жылғы 4 қарашадағы ұйғарымымен КСРО Халком кеңесі жанындағы ОГПУ алқасының 1930 жылғы 4 көкектегі және 1931 жылғы 13 қаңтардағы Әділов Дінмұхамедке қатысты қаулысының күшін жойды және бұл бөлімде оның әрекеттерінде қылмыс құрамы болмағандықтан, іс доғарылды.<ref>Қойшыбаев Б, "Арыс" баспасы. Алматы-2000 ж. ISBN 9965-447-57-8 </ref>

Дереккөздер

<references/>