Дінмұхамед Тілеулесұлы Әкімов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дінмұхамед Тілеулесұлы Әкімов -(8.8.1948 ж.т., қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Ақтоғай а.) - киноактер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі (1990).

1968 ж. "Қазақфильм" киностудиясы жанындағы актерлік студиясын, 1974 ж. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Әкімов кинода 100-ге жуық рольдер орындады. Атап айтсақ, "Қош бол, Медеу!" (1981), "Адамды қарсы алыңдар" (1984), "Ауылым Алатаудың баурайында" (1986), "Бейбарыс сұлтан" (1989), "Қайсар" (1991), "Отырардың күйреуі" (1991), «Мой дом на зеленых холмах» - Ғұбайдолла; «Потомок белого барса» - Көпес («Қырғызфильм» киностудиясы); «Айлы әке» - Гинеколог (Швейцария - Германия); «Ба-бо-бу» - Полицей (Италия -Өзбекстан); «Құдай болу қиын» - Қызметші (Германия); «Ежелгі бұлғарлар туралы аңыз» - Шоралей (Татарстан);«Хоккайдо полициясы» - Накомурасан (Жапония - Ресей); «Елді арал» - Ғалым профессорт.б. фильмдерге түсті. Алыс-жақын шетел фильмдеріне де қатысып жүр. Қазір Әкімов режиссермен және кинопродюсерлік қызметпен шұғылданады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

  • Әкесі - Ақымов Тілеулес, марқұм, қойшы болған. Анасы - Ақымова Мұқыш, марқұм, күзетші болған.
  • Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының актерлік факультетін бітірген (1974), театр және кино актері.
  • Қазақ және орыс тілдерін біледі.
  • Қазақстан Кинематографистер одағының мүшесі (1979 жылдан).
  • ҚазССР Еңбек сіңірген әртісі (1990).
  • Әскери атағы - сержант.
  • Діни көзқарасы - атеист.
  • Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
  • Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жақсы».
  • Хоббиі - халықаралық туризм.
  • Сүйіп оқитын әдебиеті - классика.
  • Үйленген. Жұбайы - Аманова Қарлығаш (1959 жылы туған), психолог. Қызы - Ақымова Айсұлу (1976 жылы туған); ұлы - Ақымов Темірлан (1987 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub