Дударай

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Дударай операсының көрінісі. 1978 ж..jpg
Дударай операсының көрінісі. 1978 ж.

Дударай - опера. Алғаш рет 1953 жылы 30 мамырда Қазақ мемлекеттік опера және балет театрында қойылды. Либреттосын А.Хангелдин, музыкасын Е.Г.Брусиловский жазған, режиссері — Қ.Байсейітов.


Операда Қазан төңкерісіне дейінгі орыс және қазақ халықтарының достығы бейнеленіп, жастардың бас еркіндігі жолындағы күресі көрсетіледі. Орыс қызы Мариям мен қазақ жігіті Думан арасындағы нәзік махаббат сезімі “Дударай” әні арқылы беріледі.

Композитор қазақ, орыс ән-күйлерінің ырғақтары мен интонацияларын кеңінен пайдалана отырып, екі халыққа түсінікті, ортақ музыкалық тілді табуға талпыныс жасаған. Әр ұлт музыкасының өзіндік әсемдігі бір арнаға тоғыстырылып, туынды мұраты көркем дәрежеде жүзеге асырылған. Лейтмотив ретінде қолданған “Дударай”, “О, сен, кең дала”, “Эх, ты, доля” әндерінің төңірегінде өрбіген әуез, саздар шығарманың өн бойына көрік беріп тұр.

Операның премьерасында Думан партиясын Ә.Үмбетбаев, Мариям партиясын Э.Епонешникова орындады.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті