Дубек Дүйсенбеков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Ғалым

Дубек Дүйсенбеков (04.09. 1928 жылы туған, Алматы облысы Қаратал ауданы Тастөбе ауылы) — геолог.

Өмірбаяны

Қазақ тау-кен институтын (қазіргі ҚазҰТУ) бітірген (1953). Жезқазған кен-байыту комбинатында (1953 — 54), Текелі геологиялық барлау партиясында (1954 — 66), геолог, аға геолог, партия бастығы болды.

1966 — 93 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеді. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кен орнын ашты. 1971 — 78 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар Миронов висмут (1960), Карьерный, Бескемпір, Ақсақал, т.б. алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген.

Марапаттары

Қазақстан Мемлекеттік сыйлық лауреаты (1994), 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдермен марапатталған.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>Үлгі:Bio-stub