Достай Төлемішұлы Раманқұлов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Достай Раманқұлов - қазақ халқында ең алғашқы Нобель сыйлығын иемденушісі.

Достай Раманқұлов 1960 жылы қасиетті Түркiстан топырағында дүниеге келген.

Оқыған жерлері

  • Қарапайым қазақ отбасында туылып, қазақ мектебiнде білім алған. Қ.Сәтбаев атындағы Ұлттық политехникалық университетiн бiтiрген. Кейiн Мәскеудің жоғары оқу орындарында білімін шыңдап қайтады.
Сурет:Nobel prize medal.svg
Достай Раманқұлов Нобель медалімен марапатталды

Қызметі

  • Елімізде Атом қуаты жөнінде комитет құрылғанда сонда қызмет істеді.
  • АҚШ-тағы Қазақстан елшiлiгiнде ғылыми-техникалық кеңесшiсi болып еңбек етеді.
  • 1998 жылдан берi Атомдық энергия бойынша халықаралық агенттік ұйымында жұмыс iстейдi. Осы ұйымда істеп жүріп, адамзат үшін аса маңызды делінген ядролық қауіпсіздікті сақтауда білек сыбанып еңбек қылған Достай Раманқұлов Нобель сыйлығының лауреаты атанды.

Жеке өмірі

«Нобель сыйлығын» алған тұңғыш қазақ Достай Раманқұлов бүгiнде Венада тұрады. Жары Әлия екеуі екі ұл өсіріп, үлкені Данияр сонда университетте, кішісі Дәурен мектепте оқиды.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер