Дмитрий Андреевич Венков

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дмитрий Андреевич Венков (1926 жылы, Ресей, Иваново облысы, Кинешма қаласында туған – 2000 жылы қайтыс болған) – инженер-геолог, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты (1974 жылы).

Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы тау-кен институтын бітірген (1950 жылы). Қазақстандағы Обаған геология партиясының бастығы, аға геолог (1950–54 жылдары), Соколов–Сарыбай кен барлау орындарында бас инженер, экспедиция бастығы (1954–58 жылдары), Далалық экспедицияда бас инженер әрі бас геолог (1958–63 жылдары), Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде геология бөлімінің бастығы (1963–71 жылдары), бас директоры (1971–82 жылдары), Қазақ КСР-і Геология министрінің орынбасары (1982–87 жылдары) қызметтерін атқарған.

1974 жылы «Разработка эффективной методики поисков и разведки погребенных месторождений бокситов карставого типа (на примере Тургайского прогиба)» деген тақырыпта кандидат диссертация қорғады. Венков 30-дан астам ғылыми жарияланымның авторы. КСРО Мемлекеттік сыйлығы лауреаты (1984 жылы). 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, 2 том</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Дмитрий Андреевич Венков|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}