Дина Ерғазықызы Әбдірахимова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дина Ерғазықызы Әбдірахимова (1934-2002), мемлекет қайраткері. Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетін бітірген. Қарағанды қаласына комсомолдық жолдамамен келіп, 1959-1961 ж. облыстық комсомол комитетінің 2-хатшысы, көп жылдар бойы партиялық қызметтерді атқарған, 1972-78 ж. обком хатшысы болып сайланды. Қазақ республикалық кәсіподақтар кеңесінің хатшысы, 1985-1990 ж. ҚазКСР әлеуметтік қамсыздандыру министрі. 12-шақырылған ҚазКСР Жоғарғы Кеңестің депутаты. Еңбек Қызыл Ту, 2 «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Алаштың қоғам қайраткері Халел Досмұхамедовтың немересі. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін сол кісі атындағы қор кұрып еңбектерін жарыққа шығарды.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Қарағанды облысы: Энциклопедия {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}