Дидарбекова Наужан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Дидарбекова Наужан<ref>ҚазССР. Қысқаша энциклопедия, 2-том. Алматы - 1987.</ref> - Социалистік Еңбек Ері (1948), қызылша өсіруші, колхоз құрылысына белсене қатысушылардың бірі. 1907 жылы қазіргі Жамбыл облысы, Свердлов ауданы (қазір Байзақ ауданы), Көкөзек аулында туған.

Еңбек жолы

  • Еңбек жолын 1930 жылы жаңадан құрылып жатқан туған колхозы "Көкөзекте" колхозшы болудан бастап, оны ұйымдастыруға белсене қатысты.
  • 1940 жылдан КОКП мүшесі болды.
  • 1936-1959 жылдары А.Сухамбаев атындағы колхозда қант қызылшасы звеносының жетекшісі болып еңбек етті. 1946 жылы өзіне бекітілген 6 га қант қызылшасының әр гектарынан 325 ц, 1947 жылы 6 га-дан 630 ц, ал 3 га жерден 600 ц өнім жинады.

Жетістігі

  • 1-2-ші сайлауларда ҚазССР Жоғарғы Советінің депутаты болды.

Наградалары

Дереккөздер

<references/>