Детерминизм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Детерминизм ( Үлгі:Lang-la – анықтаймын) тұрмыс құбылыстарының жалпыға ортақ себепті-салдарлы анықтылығы жәніндегі ілім. Детерминизм идеясы ежелгі дүниеде пайда болып, одан бергі барлық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық оймен бірге келеді. Демокрит барлық нәрсе қажеттіліктен туындайды, осыны себептілік деп есептеді. Аристотель себептіліктің тәрт түрін анықтады:

  • ресми
  • материалдық
  • қозғалысты
  • мақсатты

Еуропалық жаратылыстанулық-ғылыми және философиялық ой (Ф. Бэкон, Г. Галилей, Р. Декарт, И. Ньютон, Б. Спиноза және т.б.) детерминизм тұжырымын одан әрі дамытуға септігін тигізді. Осы кезде классикалық механика жетістіктерінің ықпалымен механикалық детерминизм тұжырымы қалыптасты, оның мәнін Лаплас былай түсіндірді: егер дәл қазір табиғат тылсым күшінің қолданылар нүктелері жайлы бәрін білетін ақыл болса, онда ол әлемнің әткені мен болашағы туралы да білер еді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Детерминизмнің екі негізгі түрі бар:

  1. Қатаң детерминизм;

Қатаң детерминизм оқиғалардың барлығы да олардың себебі тудырған салдары, яғни, барлық оқиғалар алдында болған жағдайлардан шығады. Осылайша, осы шақтағы және болашақтағы оқиғалар өткендегі оқиғалардай түрақты әрі әзгермейді. Бұл көзқарастың шеңберінде моральдық жауапкершілік жоқ, өйткені ол субъектінің еркін еркіне негізделген, ал қатаң детерминизм еркін іс-әрекеттің болуын жоққа шығарады.

  1. Жұмсақ немесе бірлескен детерминизм.

Жұмсақ детерминизм - детерминизмді ерік еркіндігімен үйлестіріп қарастыратын көзқарас. Осы тұрғыдан алғанда еркін іс-әрекет моральды жауапкершілікті жүзеге асыратын себептіліктің бір түрі болып табылады.

Тағы қараныз

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Детерминизм|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

tr:Belirlenimlilik