Денсаулыққа қарсы қылмыстар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Денсаулық - адам организмінің қалыпты қызметі.

Қысқаша шолу

Денсаулыққа келген зиянның өзі де деңгейіне қарай жеңіл, орташа және ауыр деп бөлінеді. Қысқаша айтқанда, адам еңбек қабілетін 10%-ға дейін тұрақты жоғалтса, ол жеңіл жарақат, егер 10%-дан 33%-ға дейін жоғалтса, орташа, одан да жоғары мөлшерде болса, денсаулыққа келген зиян ауыр болып есептеледі. Адам өзінің кәсібін жоғалтса да, не бет әлпеті қалыпқа келтіргісіз етіп өзгертілсе де ауыр зиян. Бұлардың әрқайсысы бір қылмыс құрамы. Денсаулыққа қарсы қылмыстар өмірге қарсы қылмыстардан көбіне көп , біріншіден, обьектісіне байланысты ажыратылса, екіншіден, обьективтік жақтың зардап атты белгісіне байланысты ажыратылады. Сол сияқты, өмірге қарсы қылмыстардың ішінде ұқсас құрамдары кездеспейтін үрып -соғу (106-б), азаптау (107-б), қорқыту (112-б), ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдары немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-б), соз ауруларын жұқтыру (115-б), адамның иммун тапшылығы вирусын (ВИЧ/ЖҚТБ (СПИД)) жұқтыру (116-б) деген сияқты қылмыс құрамдары да кездеседі. Сол сияқты денсаулыққа қарсы қылмыстардың ішінде тек қана арнайы субьектілер жасайтын медицина қызметкерлерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-б), заңсыз түсік жасау (117-б), науқасқа көмек көрсетпеу (118-б), қауіпті жағдайда қалдыру (119-б) сияқты құрамдар да бар. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыс құрамдары былайша сипатталады:<ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б.ISBN 9965-808-89-9</ref><ref>Орысша-қазақша заңдық түсіндірме сөздік-анықтамалық. — Алматы: «Жеті жарғы» баспасы, 2008 жыл. ISBN 9965-11-274-6</ref> Үлгі:Start citation

  1. Обьектісі - адамның денсаулығы.
  2. Обьективтік жағы - іс-әрекет немесе әрекетсіздік, зардап (жеңіл, орташа, ауыр), себепті байланыс.
  3. Субьективтік жағы - қасақана да, абайсызда да.
  4. Субьектісі - есі дұрыс жалпы да, арнайы да.

Үлгі:End citation

Тағы қараңыз

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Үлгі:Stub:Заң