Данышпан Сәниұлы Әбдіхалықов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Данышпан Сәниұлы Әбдіхалықов 1967 жылы 3 желтоқсанда Павлодар облысының Ақтоғай ауданында туған. Қазақ.

  • Әкесі - Әбдіхалықов Сәни Үмбетұлы, мұғалім. Анасы -Серікбаева Дәмежан, үй шаруасымен айналысады.
  • Павлодар индустриялық институтының машина жасау факультетін бітірген (1992), мамандығы - «Автомобильтрактор жасау». Қазақ және орыс тілдерін біледі. 1984-1985 жылдары - Павлодар облысы Ақтоғай ауданының Чкалов атындағы кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы. 1986-1988 жылдары - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте (Ауғанстан). 1992 жылдан - «Нияз» ШК директоры (Павлодар қ.). 1993 жылдан- Красноярск комбайн зауытының инженер-технологы. 1997 жылдан - жеке кәсіпкер. 2007 жылдан - «Герат-ПВ» ЖШС директорының орынбасары. 2010 жылдан бері - «Еurasia Energy Group» компаниялар тобының бас директоры. Павлодар облыстық Ауғанстан Ардагерлер кеңесінің мүшесі. «Ауған халқынан алғыспен», «КСРО Қарулы күштеріне 70 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 15 жыл», «Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылуына 20 жыл», «Ардагер», «Жауынгерлік еңбегі үшін» медальдарымен; КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының грамотасымен, Павлодар қалалық мәслихатының, «Нұр Отан» ХДП Павлодар облыстық филиалының құрмет грамоталарымен марапатталған.
  • Әскери атағы - аға лейтенант. Діни көзқарасы - «Құдай ортақ». Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан - әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінің бірі». Хоббиі - шахмат ойыны, волейбол, кітап оқу. Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи кітаптар. Үйленген. Жұбайы - Файзуллина Қарлығаш Ақанқызы (1966 ж. т.), нотариус. Қыздары - Әбдіхалықова Гүлнұр Данышпанқызы (1991 ж. т.), Әбдіхалықова Диляра Данышпанқызы (1993 ж. т.); ұлы - Сәни Әдият Данышпанұлы (2007 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}