Данияр Бақытұлы Аманғалиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Данияр Бақытұлы Аманғалиев - 1969 жылы 18 ақпанда Алматы қаласында туған. Қазақ.

Өмірбаяны

Алматы мемлекеттік медициналық институтының емдеу факультетін бітірген (1992), дәрігер-хирург. Мамандандырылған медициналық журналдардағы 10-ға жуық мақаланың авторы. Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1992 жылдан - Алматы мемлекеттік медициналық институтының госпитальдік хирургия кафедрасының машықтанушы-зерттеушісі. 1993 жылдан - Алматы қаласындағы Қалалық жедел медициналық жәрдем клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімшесінің дәрігер-хирургы, 2000 жылдан - қабылдау бөлімінің жауапты дәрігер-хирургы. 2007 жылдың қаңтар айынан - Алматы қаласындағы №4 Қалалық клиникалық аурухананың жауапты дәрігер-хирургы. 2007 жылдың мамыр айынан бері - «Қазақстан шипажайы» АҚ (бұрынғы ҚР ІІМ госпиталі) медициналық жұмыс жөніндегі вице-президенті.

Отбасы

Әкесі - Аманғалиев Бахытжан Әжіғалиұлы, марқұм. Анасы - Аманғалиева Гүлбану Орманқызы, зейнеткер, ҚазКСР Балық шаруашылығы министрлігінің инженер-сметашысы болған.

Үйленген. Жұбайы - Аманғалиева Анаргүл Мәсімжанқызы (1972 ж. т.). ¥лы - Аманғалиев Санжар (2007 ж. т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Үлгі:Bio-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}