Даниал Кенжетайұлы Ахметов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Үлгі:Infobox Biography Даниал Кенжетайұлы АхметовШығыс Қазақстан облысы әкімі, саяси қайраткер, экономика ғылымдарының докторы (2003).

Павлодар индустриалық институтын бітірген (1976). «Региональные особенности обеспечения устойчивого социально-экологического развития в Казахстане» деген тақырыпта докторлық диссертациясын қорғады. «Құрмет Белгісі» (1986), 2-және 3-дәрежелі «Барыс» (1999, 2004) ордендерімен және медальдармен марапатталған.<ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Қысқаша өмірбаяны

  • 1954 ж. - маусымның 15-індеПавлодарда туған.
  • 1976 ж. - Павлодар индустриалды институтын бітірген. Мамандығы бойынша инженер-құрылысшы.
  • 1976–1981 ж. - «Павлодар тұрғынқұрылыс» тресінде мастер, аға прораб
  • 1981–1983 ж. - Екібастұз қалалық партия комитетінде нұсқаушы
  • 1983–1987 ж. - «Екібастұзшахтақұрылыс» комбинатында бас инженердің орынбасары, партком хатшысы
  • 1987–1991 ж. - Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары
  • 1992 ж. бастан - Екібастұз қалалық әкімшілігінің басшысы, содан кейін Павлодар облыстық әкімшілігінің басшысы.
  • 1993-1997 ж. - Павлодар облысыныңәкімі болып тағайындалды.
  • 1997—99 жж. аралығында Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

1999 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.

2001 ж. қарашасынан Павлодар облысының әкімі болды.

2003 жылдың маусымынан — Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінде болған.

2003 ж. Мәскеуде «Қазақстандағы тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз етудің аймақтық ерекшеліктері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. Экономика ғылымының докторы.

Институтты бітіргеннен кейін құрылыстарда мастер, аға прораб, «Екібастұзшахтқұрылыс» трестінде жетекшілік қызметінде, Екібастұз қалалық атқару комитеті төрағасының орынбасары, «Екібастұзэнерго тұрғынүйөндірісқұрылысы» тресінің басқарушысы қызметтерін атқарды.

2007 жылдың қаңтар айынан бастап ҚР Қорғаныс министрi.

2009 жылы ҚР Қорғаныс министрі қызметінен жеке бизнеске ауысты.

2014 жылдың қарашасынан бастап ШҚО әкімі қызметіне тағайындалды.<ref>http://kaz.tengrinews.kz/kazakhstan_news/danial-ahmetov-shyigyis-kazakstan-oblyisyinyin-akm-bolyip-tagayyindaldyi-258128/</ref>

Марапаттары

  • 1999 ж. «Барыс» 3-і дәреже
  • 2004 ж. «Барыс» 2-і дәреже
  • «Құрмет белгісі» және медальдер.

Отбасылық жағдайы

Үйленген. Бала мен қызын тәрбиелеуде.

Үлгі:Қазақстан Үкіметі (ағымдағы) Үлгі:Navbox

Дереккөздер

<references/>