Дальян Иван Борисович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Дальян Иван Борисович (26.6.1924 жылы туған, Украина, Донецк облысы Кашлагаш а.) – геол.-минерал. ғылымдарының докторы (1979). Пермь мемлекеттік университетін (1953) бітірген.

1953–1987 ж. Ақтөбе мұнай бақылау тресінде геолог, Кеңқия, Жарқамыс мұнай бақылау экспедициясының бас геологы, геол. бөлімінің бастығы, Бозой, Қызылой, Құмсай, Кеңқия, Қаратөбе, Көкжиде, Ақжар, Көбен мұнай орындарының ашылуына тікелей ат салысқан. 1999 жылдан «Жаңажол» АҚ мұнай бақылау экспедициясының вице-президенті болып қызмет атқарады. «Глубинное строение и нефтегазоносность палеозойских отложений восточной части Прикаспийской впадины, ее обрамления» деген тақырыпта докторлық диссертация қорғаған. 200-ге жуық ғылыми еңбегі, 4 монографиясы жарық көрген.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}