Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Суретші Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайылова (Үлгі:Туғанкүні, АлматыҮлгі:Қайтысболғанкүні, Алматы) — қазақ кескіндемешісі, театр және кино суретшісі. Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1965).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref> Қазақстанның халық суретшісі. "Платинды Тарлан" сыйлығының иегері (2002).

Өмірбаяны

Шын есімі — Күлпәш Тансықбайқызы Қоңарбаева. Гүлфайрусты кішкентай кезінен Мәнсүр Ысмайылов асырап алған, ол оның бес қыздарының үлкені болды.

  • 1949 жылы Алматы көркемсурет училищесін бітірген.
  • 1956 жылы Ленинградтың Репин атындағы кескіндеме, мүсін және сәулет өнері институтын (М.П. Бобышевтің кескіндеме класы бойынша) бітірді.
  • 1947-1949 жылдары Қазақ консерваториясының вокальдық факультетінде оқыды.
  • 1956-57 жылдары Алматы көркемсурет училищесінде сабақ берді.
  • 1971—1974 жылдары Қазақтың опера және балет театрында бас суретші.
  • 2013 жылы Алматыда қайтыс болды.

Шығармашылығы

Сурет:Қыз Жібек операсы 1.TIF
Күләш Байсейітова Жібек рөлінде. Суретші Г. Исмайлова. 1962 жыл

Ысмайылова бірнеше опера (Брусиловскийдің "Ер Тарғыны", 1967; Мұхамеджановтың "Жұмбақ қызы", 1972; Пуччинидің "Чио-Чио-Саны", 1972), балет (Тілендиев, Манаев жөне Степановтың "Достық жолымен" және Великановтың "Қамар сұлуы", 1958), спектакль (Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлуы", 1958) және кинофильмдерге ("Қыз Жібек", 1969-71) декорация мен костюмдер эскиздерін жасады. Ол — "Күләш Байсейітова Қыз Жібек рөлінде" (1962), "ұйғыр қыздары" (1966) картиналарының, "Халық шеберлері" триптихының (1967), Ш.Б. Жиенқұлова (1958), Ш.И. Жандарбекова (1960-1961), Б.А. Төлегенова (1963-1964), Ә. Қастеев (1966) портреті мен көптеген натюрморттардың авторы.

Ойнаған рольдері

1950 жылдан киноға түскен:

  • Тыгрена ("Аласталған Алитет")
  • Ботакөз (осы аттас фильмде, 1957)
  • Тана ("Қыз Жібек", 1972) т.б.

Марапаттары

  • 1958 жылы КСРОның «Құрмет белгісі» Ордені;
  • 1965 жылы «Қазақ КСРнің Еңбек сіңірген өнер қайраткері» құрметті атағы берілді;
  • 1970 жылы «Қажырлы еңбегі үшін Леннің туғанына 100 жыл» медалі;
  • 1981 жылы КСРОның «Халықтар Достығы» Ордені;
  • 1987 жылы Қазақ КСРнің халық суретшісі құрметті атағы берілді;
  • КСРОның «Еңбек ардагері» медалі;
  • 1999 жылы президенттің жарлығымен тәуелсіз Қазақстанның жоғарғы мемлекеттік марапаты «Парасат ордені» мен марапатталды;
  • 2002 жылы «Платинды Тарлан» премиясының лауреаты атанды;
  • 2009 жылы елбасының жарлығымен Қазақ өнеріне сіңірген айрықша ерен еңбектері үшін еліміздің жоғарғы мемлекеттік марапаты 1 дәрежедегі «Достық ордені» мен марапатталды.<ref>Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2</ref><ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер