Гүлсім Әбдірахманова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлсім Әбдірахманова(12.12.1917 Қарағанды облысы Нұра ауданы — 7.10.1970 Семей) —актриса, Қазақстанның халық артисі (1964).

Алматы театр көркемсурет училищесін бітірген (1937). Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін Семей музыкалық драма театрында актер болды. Ол музыкалық һәм драмалық қойылымдарда бірдей ойнап, көп қырлы талантымен көрермен қауымның құрметіне бөленді. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>Осы театрдың әр кезеңде қойылған, М. Әуезов қаламынан туған “Еңлік — Кебегі” Еңлік, “Қарақыпшақ Қобландыдағы” Қарлыға, “Айман — Шолпандағы” Айман, Теңге, “Түнгі сарындағы” Жүзтайлақ, “Қарагөздегі” Маржан, Ә.Тәжібаевпен бірігіп жазған “Ақ қайыңдағы” Алтыншаш рөлдерін келістіріп ойнады. Өз замандастарының бейнесін жасауда да Әбдірахманованың еңбегі зор. Жер — Ана (Ш. Айтматовтың “Ана — Жер — Анасы” бойынша), милиционер әйел (Қ. Шаңғытбаев пен К. Байсейітовтың “Ой, жігіттерінде”) т.б. рөлдер оның актерлік шеберлігін танытты. Актрисаның драм. қабілетімен бірге, тамаша әншілік өнері көптеген музыкалық қойылымдарда ойнауға мүмкіндік берді. Олардың ішінде — Софья (Б.А. Александровтың “Малиновкадағы тойында”), Ақжүніс (С. Камалов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғынында”), Қамқа (Ғ. Мүсірепов пен Е.Г. Брусиловскийдің “Қыз Жібегінде”), Телли (У. Гаджибековтің “Аршин мал аланында”), Клементина мен Елена (И.Ю. Дунаевскийдің “Еркін желі” мен “Шалқар теңізінде”) т.б. рөлдердің актрисаның шығармашылық жолында ерекше орны бар. Ол өзінің жарқын өнерімен театрдың драмалық һәм музыкалық келбетінің қалыптасуына мол үлес қосты.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы - Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}