Гүлсім Насырқызы Жаркешова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлсім Насырқызы Жаркешова (5. 12. 1914 жылы туған, Ақмола облысы, Есіл ауданы - 25. 5. 1969. Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылыми кандидаты (1949). Абай атындағы Қазақ педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген (1945). 1947 жылдан бастап ҚазКСР ҒА-ның Тіл және әдебиет институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді. "Қазіргі қазақ тіліндегі біріккен сөздер" деген тақырыпта кандидаты диссертациясын қорғады. Қазақ тілінің орфографиямен, лексикологиямен, лексиког. мәселелерімен айналысқан. "Қазақ тілінің түсіндірме сөздігін", "Абай тілі сөздігін" құрастыруға қатысты. Қазақ тіл білімінің мәселелері жайлы 20-дай мақалаларды жариялады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}