Гүлсина Бақытжанқызы Мерғалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлсина Бақытжанқызы Мерғалиева (1975 жылы туған, Ресей, Самара облысы Большая Черниговка ауданы) – режиссер, ҚР-ның еңбегі сіңген қайраткері (2006). 2000 жылы Қазақ ұлттық өнер академиясының режиссер факультетін бітірген. Алғашында Көкшетау қаласындағы Ақмола облысы музыкалы драма театры (20002002), Кейін Маңғыстау облысы музыкалы драма театрының (2002 жылдан) бас режиссері әрі көркемдік жағын басқарады. Ол осы театрлар сахнасында көптеген спектакльдерді қойды. Әсіресе, Н.В. Гогольдің «Ревизор» комедиясы бойынша қойған спектаклі Мерғалиеваның өзіне тән режиссерлік қолтаңбасын айқындады. Мерғалиева – шағын комедиялар бойынша өткізілген 1-республикалық театр блиц-фестивалінің (2001, Алматы) және 7-халықаралық «Шабыт» фестивалінің (2004, Астана) «Гран при» бас жүлдесінің иегері; Махамбет Өтемісұлының 200 жылдығына арналған 11- (2003, Орал), сондай-ақ 13-республикалық (2005, Қызылорда) театрлар фестивалінің лауреаты. Діни көзқарасы - ислам діні. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Әлемдік аренаға шығу». Хоббиі - көркем әдебиет, тарихи тақырыптағы әдебиет. Сүйіп оқитын әдебиеті - М. Әуезовтің, М.А. Булгаковтың, Ш. Айтматовтың шығармалары. Тұрмыс құрмаған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref><ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub