Гүлнәр Хабиқызы Жақыпова
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Үлгі:Кинематограф Гүлнар Хабиқызы Жақыпова (1957 жылы 12 желтоқсан Орал қаласы) — кино және театр актрисасы. Қазақстанның халық әртісі (1998). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (2001 жылдан).
Мазмұны
Өмірбаяны
Әкесі - Жақыпов Хаби (1916 жылы туған), заңгер болып жұмыс істеген. Анасы - Ерғалиева Кама Ижанқызы (1928 жылы туған), зейнеткер, іс жүргізуші болып жұмыс істеген.
1974 ж. Орал облысы Казталов ауданындағы орыс орта мектебі және балалар музыкалық мектебін аяқтаған. 1974-1978 жж. Алматыдағы Құрманғазы атындағы Өнер институты театр факультетінің актерлік бөлімін оқып-бітірді. 1974-1993 жж. Гурьев облыстық драма театрында, 1993-2001 жж. Батыс Қазақстан облыстық драма театрында жұмыс істеген. 2001 ж. бастап М. Әуезов атындағы драма театрында қызмет етеді.
Шығармашылығы
Кинорольдері: «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» (реж. Ә. Әшімов) – Күнекей, «Ақсұңқар» (реж. М. Бидосов) – Бәйбіше.
Телебағдарламаларда: «Хабар» телеарнасындағы «АБВГДейка», «7» телеарнадағы «Жар-жар» бағдарламаларына белсенді қатысты. «Қазақстан» телеарнасында «Айналайын» сериалында Құдағи, «Ел арна» арнасындағы «Әсел және оның достары» сериалында Әйел рольдерін орындады. Дубляж саласында да еңбек етеді.
Ойнаған рольдері
- «Абай» (Қарлығаш)
- «Көңілді өмір» (Бибіш)
- «Әпке» (Қамажай)
- «Күйеуіңізді сатыңызшы» (Елена)
- «Махаббат дастаны» (Мақпал)
- «Қарагөз» (Маржан)
- «Айман-Шолпан» (Теңге) және басқа спектакльдерінде ойнайды.
Марапаттары
- 1987 жылы "Қазақ КСРның Еңбек сіңірген артисі" құрметті атағы;
- 1998 жылы "Қазақстан Республикасының Халық әртісі" құрметті атағы;
- 2013 жылы президент жарлығымен "Құрмет" Орденімен марапатталған.
- 2016 жылғы ҚР тұңғыш президенті - Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.
- 2016 жылы "ҚР тәуелсіздігіне - 25 жыл" мерекелік медалі.
Жеке қасиеттері
- Діни көзқарасы - «Жаратушыға сенемін».
- Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Жоғары өмір деңгейіндегі құқықтық демократиялық қоғам».
- Хоббиі - сөз жұмбақтар шешу.
- Сүйіп оқитын әдебиеті - тарихи романдар, ғылыми-көпшілік әдебиет, детективтер, мистика, фантастика.
- Ұлдары - Махамбет (1981 жылы туған), Міржан (1985 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>