Гүлнар Өкісханқызы Мұхаметқалиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлнар Өкісханқызы Мұхаметқалиева (5. 1. 1962 жылы туған, Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданы, Айнабұлақ ауылы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы кандидаты (1995). 1980—1985 ж. Алматы педагогикалық шеттілдер институтын бітірген. 1985—1988 ж. орта мектепте неміс тілі мұғалімі. 1994 ж. аспирантураны бітірді. Сол жылдан қазірге дейін Қазақ мемлекеттік әлем тілдер университетінің неміс және француз тілдері теориясы мен практикасы кафедрасының аға оқытушысы. 1995 ж. профессор Т. Қ. Қоңыровтың жетекшілігімен "Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты" деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады.

Шығармалары:

  • Тұрақты эпитеттің тілдік табиғаты. АКД., А., 1995.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}