Гүлзат Нұрмолдақызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Гүлзат Нұрмолдақызыэкономика саласында қалам тербеп жүрген, қазақ экономикалық журналистикасының майталманы. Ол 1971 жылы Солтүстік Қазақстан облысы, Жамбыл ауданы, Үлгі ауылында дүниеге келген. 1989-1990 жылдары Жамбыл аудандық (СҚО) «Ауыл арайы» газетінде тілшілік қызмет атқарған. Ал 1990-95 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетінде оқыған. Өзінің журналистік қызметінде «Бірлік», «Жас Алаш», «Экономика» секілді т.б.газеттер мен журналдарда экономика, әлеумет, ақпарат бөлімдерін басқарған, сонымен қатар Қаржы министрлігінің баспасөз қызметінде редактор болып жұмыс жасаған. 2000 жылы журналистикаға сіңірген еңбегі үшін «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығымен марапатталған ол 2006 жылдан бері «Жас Қазақ» ұлттық апталығының экономика және қоғам бөлімдерінің редакторы болып жұмыс жасауда. {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}