Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Гүлжамал Мұқажанқызы Қазақбаева (7 ақпан 1949 жылы Алматы облысы Кербұлақ ауданында туған) — кеңестік және қазақ кино және театр актрисасы, актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының жоғарғы санаттағы артисі.

Көптеген Қазақстандық кинофильмдер мен сериалдарға түскен танымал артист. Көптеген халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері.

Биография

1949 жылы 7 ақпанда Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксай ауылында дүниеге келген.

Білімі

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академиясының (бұрынғы Алматы мемлекеттік театр көркем сурет иниституты) "драма және театр актрисасы" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы

  • 1966-1968 жылдар аралығында М.Әуезов атындағы академиялық драма театры жанындағы студияның актерлік бөлімін тәмамдады.
  • 1994-1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы мемлекеттік театр және кино институтына түсіп, «Драма театр және кино» актер мамандығы бойынша білім алды.
  • 1969-1978 жылдарға дейін Ж.Шанин атындағы Шымкент облыстық қазақ драма театрында еңбек етті.
  • 1978 жылдан бері Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар мен жасөспірімдер театрының белді актрисасы болып қызмет атқарып келеді.

Марапаттары

  • 1984жылы "Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты" құрметті атағымен марапатталды.
  • 1992 жылы Президент Н. Назарбаевтың жарлығымен «Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі» құрметті атағы берілген.
  • 2005 жылы "Ерен Еңбегі үшін" мемлекеттік медалімен марапатталған.
  • 2011 жылы "Құрмет" Орденімен марапатталды.
  • 2015 жылы "Еңбек ардагері" мемлекеттік медальінің иегері.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсізідігне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.