Гульнас Кенжетайқызы Ахметова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Тұлға Гульнас Кенжетайқызы Ахметова (31 шілде 1952, Павлодар, Павлодар облысы, Қазақстан) — қазақстандық ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, қоғам қайраткері, ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ басқарма төрағасы. Қазақ Ұлттық Ғылым Академиясының Құрметті мүшесі. Ы.Алтынсарин атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері.

Білімі

1974 – Павлодар педагогикалық институты, физика-математикалық факультет
1984 – ПҒА (Педагогика ғылымдарының академиясы) КСРО, тәрбиелеудің ортақ мәселелері бойынша аспирантуралық жұмыс, Мәскеу
1999 – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ докторантурасы, Алматы

Еңбек жолы

Ахметова Г.К. еңбек жолының барлығы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесімен байланысты. 1986-дан 2010 жылдың қазан айына дейін әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жұмыс істеді. Осы уақыт ішінде жоғары оқу орнының негізгі лауазымдарынан өтті: ассистент – оқытушы – аға оқытушы – доцент – кафедра меңгерушісі – кафедра профессоры – оқу ісі бойынша проректор, әл-фараби атындағы ҚазҰУ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институтының проректор-директоры. Қазіргі уақытта құрамына 17 біліктілікті арттыру институты (барлық облыстар, Астана мен Алматы қалалары) кіретін ҚР БжҒМ «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ-ны басқарып келеді.

Ахметова Г.К. – білім беру мен ғылым саласында мойындалған маман, ғалым-педагог, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, ХИА академигі, қоғам қайраткері. Қоғамдық өмірге белсенді қатысады: «НұрОтан» партиясының Алматы қаласы филиалының саяси кеңес мүшесі, Алматы әкімдігінің Әйелдер мен отбасы-демографиялық саясат бойынша комиссия төрағасының орынбасары, Алматы қаласы саясаткер әйелдер клубының төрағасы. Ахметова Гульнас Кенжетайқызының барлық жұмысы Қазақстанның білім беру жүйесімен тығыз байланысты. 1986 жылдан 2010 жылға дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ассистент, оқытушы, аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, кафедра профессоры, университет проректоры қызметтерінде болған. Проректор ретінде ҚазҰУ-дың біліктілікті арттыру институты жұмыстарына жауапты болған.

Профессор Ахметова Г. ғылыми ізденістері білім берудің теориялық және методологиялық мәселелері, оның даму тарихы, жоғары кәсіби білім берудің теориясы мен әдіснамасы, жоғары мектеп дидактикасы мен ЖОО-да тәрбие теориясы секілді тақырыптарды қамтиды. 190-нан астам ғылыми еңбектің авторы.

Ахметова Г.К. бірнеше республикалық және халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларының ұйымдастырушысы, әрі жетекшісі. Профессор АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея елдерінің университеттерінде жоғары білім беру мен Қазақстанның білім беру бағдарламаларының нарықтық экономика мен шетел білім беру стандарттар жүйесіне сәйкестігі бойынша лекциялар оқыған. Бірнеше жыл қатарынан «ҚазҰУ хабаршысы», «Аружан», «Білім-кілті» журналдарының редакциялық алқасының мүшесі.

Ахметова Г.К. ҚР ЖАК (Жоғарғы аттестациялық комиссия) эксперттік комиссиясының төрағасы, ҚР БжҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Президиум мүшесі. Ахметова Г. жетекшілігімен көптеген докторлық, кандидаттық және магистрлік диссертациялар қорғалған.

2010 жылдың қарашасынан 2012 жылдың ақпанына дейін Ахметова Гульнас Кенжетайқызы Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институтты басқарды. 2012 ж. ақпаннан бастап Институт «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ болып қайта құрылып, басқарма төрағасы қызметіне Ахметова Г.К. тағайындалды.

Марапаттары

Ғылыми еңбектері

  • Мұғалім даярлаудың өзекті мәселелері: Монография. – Алматы: Ғылым, 1998.- 131 б.
  • Образовательный идеал в теории и практике подготовки учительских кадров: Монография. – Алматы: Қазақ университетi, 2000. – 124 б.
  • Предмет и задачи педагогики: Учебное пособие. – Алматы: Қазақ университетi, 2001 – 44 б.
  • Концепция реформирования подготовки учительских кадров в Казахстане // Серия педагогические науки: Вестник, КазНУ им. аль-Фараби.– 2001. - № 6.- 3-20 б.
  • Из истории педагогического образования Казахстана: Сборник научных трудов «Современные проблемы образования и педагогика ненасилия». - Монография: МГУ, 2001.- 14-24 б.
  • Трансформация образовательного идеала в подготовке учительских кадров в Республике Казахстан: Монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2002.- 203 б.
  • Педагогика: Учебник для магистратуры университетов. - Алматы: Қазақ университетi, 2006. – 220 б. – Соавт.: Исаева З.А.
  • Образование – дело моей жизни: Книга // Статьи, публикации, выступления.- Алматы: Қазақ университеті, 2007. – 252 б.
  • Методика организации повышения квалификации педагогов в условиях внедрения системы электронного обучения // Книга. - Алматы: АО «НЦПК «Өрлеу» 2013. - 408 б. – Соавт.: Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т.
  • Диагностика и профилактика профессиональных деформаций педагогов: монография / Г.К. Ахметова, А.К. Мынбаева и др. / под общ.ред. Г.К. Ахметовой. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 142 б.
  • New system of teachers’ professional development in Kazakhstan universitie: Bulgarian journal of educational research and practice “Pedagogy” // Volume 87, №2, 2015. – Р. 257-261. Сo-auth.: Balakayeva G.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер