Григорий Александрович Марченко

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Григорий Александрович Марченко (26 желтоқсан 1959 жыл Алматы қаласы) - Қазақстан Ұлттық Банк бұрынғы басшысы, банкир, қаржыгер.

Мансабы

  • 1984 жылы Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша үздік бітіріп шықты.
  • 1979-1981 жылдары әскер қатарында қызмет етті.
  • 1984 - 1986 жылдары Қазақ КСР-ның Түсті металдар министрлігінің: конструкторлық-технологиялық бюросында инженер-конструктор, басқарушы кадрлар бөлімі бастығының орынбасары – Министрдің кеңесшісі болып жұмыс істеді.
  • 1986 - 1988 жылдары Ғылыми- экономикалық және техникалық-экономикалық зерттеулер Қазақ ғылыми-зерттеу институтының Маркетингтік ақпарат тобының аудармашысы, редакторы, аға редакторы, топ жетекшісі болып жұмыс істеді.
  • 1988 - 1990 жылдары Жартылай өткізгіш машина жасау конструкторлық бюросы секторының атқарушы директоры, «АЛОЭ» ғылыми-өндірістік кооперативтік орталығында Конструкторлық бюроның төрағасы болып жұмыс істеді.
  • 1990 - 1991 жылдары Германияда оқыды, Carl Duisberg Ges тағылымдамашысы болды.
  • 1991 жылы «Еуразия» аймақаралық мемлекеттік экологиялық консорциумының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі бас сарапшысы болып жұмыс істеді.
  • 1992 - 1994 жылдары Қазақстан Республикасы Вице-Президентінің көмекшісі болды.
  • 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
  • 1996 жылғы қараша - 1997 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы қызметін атқарды.
  • 1997 жылғы қазан - 1999 жылғы қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
  • 1998 жылғы мамыр - 1999 жылғы қазан аралығында «Deutsche Bank –Securities (Kazakhstan)» ААҚ президенті болып жұмыс істеді.
  • 1999 жылғы қазан - 2004 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болды.
  • 2004 жылғы қаңтар – сәуір аралығында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары болды.
  • 2004 жылғы сәуір – қазан аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып жұмыс істеді.
  • 2004 жылғы қазан - 2009 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болды.
  • 2005 жылғы қаңтар - 2009 жылғы қаңтар аралығында «Қазақстан Халық Жинақ банкі» АҚ Басқармасының Төрағасы қызметін атқарды.
  • 2009 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы болып тағайындалды.

Марапаттары

Әскери атағы

  • Әскери атағы - запастағы аға лейтенант.

Сүйіп оқитын әдебиеті

  • Сүйіп оқитын әдебиеті - М.-В. Льоса, Ж. Сарамаго, М. Мамардашвили, Г.-Г. Маркес.

Үй жағдайы

  • Ұлы - Ярослав (1996 жылы туған). Қызы - Анастасия (2004 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<References/>

Үлгі:Бастама