Гожахмет Садвақасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Sadvakasov.jpg
Садвақасов Гожахмет Садвақасұлы

Гожахмет Садвақасов (1939 жылдың 15 маусымы, Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Ақсу ауылы — 1991, Алматы қаласы) — ғалым, филология ғылымдарының докторы (1927), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975). Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты (1977).

1950 жылы ҚазПИ-ді, 1953 жылы Қазақстан ғылым академиясының аспирантурасын бітірген. 1953-60 жылдары республика ғылым академиясының ұйғыр-дүнген мәдениеті және тіл институтытының кіші, аға ғылыми қызметкері, 1964-74 жылдары Тіл білімі институтының ұйғыртану бөлімінің аға ғылыми қызметкері. 1986-88 жылдары Ұйғыртану институтының директоры. Ол — бірнеше лексикографиялық еңбектің авторы. Әсіресе, оның “Ферғана жазығы ұйғырларының тілі және өзбек диалектілерінің өзара әсерінің мәні” атты монографиясы (1972) түркітану саласына қосылған аса құнды ғылыми еңбек болып саналады. Сонымен қатар, Садвақасов ұйғыр халқының фольклорын жинап, зерттеуге де көп үлес қосты. Үйғыр ауданының Үлкен Ақсу ауданындағы орта мектеп, Алматы қаласындағы көшелердің бірі Садвақасовтың есімімен аталады.

Шығармалары

  1. Көне ұйғыр тілі (1975);
  2. Көне ұйғыр жазба ескерткіштері (1975);
  3. Үйғыр тілі (1984);
  4. Ұйғыр әдеби тілі орфографиясы және графикасы (1984).<ref>Жетісу, Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2004</ref>

Дереккөздер

<references/>