Глухов Геннадий Герасимович

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Глухов Геннадий Герасимович1939 жылы 27 маусымда Кокшетау (қазіргі Солтүстік Қазақстан) облысы, Арық балық ауданы, Лобанове селосында дүниеге келген.<ref>Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім баспасы". 2005 ж. - 576 бет. ISBN 9965-09-134-X</ref>.

Қарағанды политехникалық институтын, СОКП ОК Жоғарғы партия мектебін бітірген. Мамандығы – инженер-механик. Еңбек жолын Қарағанды қаласында шахтада электрослесарь болып бастады.

Кеңес Әскері қурамында эскери борышын өтеді. 1967-1978 жылдар арасында комсомолдық жұмыстар атқарды, Қазақстан ЛКСМ OK инструкторы, Торғай комсомол обкомының бірінші, екінші хатшысы болды. 1979-1990 жылдары партиялық жұмыстар – Есіл аудандық партия комитетінің екінші хатшысы, Торгай, Кокшетау облыстык партия комитетінің өнеркәсіп бөлімін меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1990-2005 жылдары – "Полиграфия" Республикалық өндірістік бірлестігінің бас директоры, "Кокшетау Полиграфия" ААҚ-ның президенті. "Құрмет белгісі" орденімен, "Қажырлы еңбегі үшін ", "Тың жерлерді игеру", "Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл", "Еңбек Ері" медальдарымен, ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, "Баспа және полиграфия ісінің қайраткері" Құрмет белгісімен марапатталған.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}