Герс Исламов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Герс Исламов 1941 жылы 30 мамырда Алматы облысы ¥йғыр ауданының Подгорное ауылында туған. Ұйғыр. Әкесі - Исламов Әбубәкір (1910-1986), педагог болған. Анасы - Баратова Латифа (1917-1996), педагог болған. Қазақ технологиялық институтының инженерлік-құрылыс. факультетін бітірген (1963), инженер-құрылысшы, технолог. ¥йғыр және орыс тілдерін біледі. КОКП мүшесі (1990 жылға дейін). 1963 жылдың тамыз айынан - Алматы қаласындағы «Қазбұрғысуқұрылыс» ӨКБ технологы. 1963 жылдың қараша айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1966 жылдың ақпан айынан - «Қазсуқұрылыс» басқармасы 2-ТБЦ инженер-технологы, 1966 жылдың сәуір айынан - 1-ТБЦ аға инженер-технологы, 1966 жылдың тамыз айынан - Құрылыс материалдары комбинатында техникалық бөлімнің аға инженер-конструкторы (Алматы қ.). 1967 жылдың ақпан айынан - Алматы облысы Шонжы ауылындағы ¥йғыр көңшараралық құрылыс бөлімінің аға инженері, 1967 жылдың сәуір айынан - ӨТБ бастығы, 1968 жылдың ақпан айынан - бас инженері. 1968 жылдың қыркүйек айынан - ҚазКСР Автомобиль жолдары министрлігі «Қазжолқұрылысматериалдары» тресінің ӨТБ аға инженері, 1969 жылдан - ӨТБ бастығы (Алматы қ.). 1974 жылдан - ҚазКСР Автомобиль жолдары министрлігі Битум және асфальтбетон өндірісі жөніндегі комбинатының бас инженері (Алматы қ.). 1978 жылдан - Алматы қаласындағы «Асфальтбетон» ӨБ (қазір - «Асфальтбетон 1» ЖШС) директоры, 1982 жылдан бері - бас директоры. Құрмет орденімен (1991); «Ерен еңбегі үшін» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен; «Социалистік жарыс жеңімпазы» белгісімен (1974), Алматы қалалық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының грамотасымен (1999) марапатталған. ҚР ТЖ министрлігінің, Алматы қалалық ТЖ департаментінің (2005), ҚР Президентінің алғысымен; Алматы қаласы Жетісу аудандық әкімдігінің алғыс хатымен (2006) ескерілген. КСРО азаматтық қорғаныс ісінің үздігі (1975, 1984, 1985). Құрметті жол қызметкері (1984). Алматы облысы Еңбекші-қазақ және ¥йғыр аудандарының Құрметті азаматы (2006). Әскери атағы - отставкадағы капитан. Үйленген. Жұбайы - Юлдашева Турсунай Ушуровна, зейнеткер. Қыздары - Исламова Светлана; Исламова Гульмира. <ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub