Герман Ким

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Герман Николаевич Ким (16 шілде 1953, Үштөбе, Алматы облысы, Қазақстан) — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ корейтану кафедрасының профессоры, тарих ғылымдарының докторы.<ref>Информационное Агентство РУСКОР / RUSKOR Information agency</ref> «Халықаралық зерттеулер. Қоғам. Саясат. Экономика» журналының редакциялық кеңесінің мүшесі.<ref>«Халықаралық зерттеулер. Қоғам. Саясат. Экономика» журналы</ref>. Беделді академиялық баспаларда қазақ, орыс, ағылшын, корей, неміс және жапон тілдерінде шығарылған 15 монографияның, кітаптың, оқу құралының және 200-ден астам басылып шыққан еңбектің авторы. XIX ғасырдың екінші жартысынан бүгінгі күнге дейінгі әлемді қамтыған, әлемдік корейтануға маңызды үлес қосқан «Корейлік иммиграцияның тарихы» үш томдық іргелі ғылыми еңбегі Қазақстанда және Оңтүстік Кореяда басып шығарылды.<ref>Жаңалықтар / «Диаспораларды зерттеу әдіснамасы: теориясы және тәжірибесі» атты «ӘСЗИ мектебінің» кезекті екінші сессиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер