Георгий Петрович Поздеев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Георгий Петрович Поздеев (1941, Атырау қаласы). Губкин атындағы Мәскеу мұнай институтын бітірген (1965).

  • 1958-1960 жылдары - «Қазақстанмұнай» бірлестігінің Гурьев тауар-көлік басқармасында токарьдің шәкірті, механикалық шеберхананың токары.
  • 1966-1970 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің «Спецремстрой» басқармасында экономист, аға экономист.
  • 1970-1972 жылдары - «Ембімұнай» бірлестігінің Гурьев магистральды мұнай өнімдері құбырлары аудандық басқармасының жоспарлау-экономика бөлімі бастығы.
  • 1972-1994 жылдары-«Ембімұнай» өндіріс бірлестігінде жоспарлау бөлімі бастығының орынбасары, еңбек және өндірісті басқару бөлімінде бастық, жоспарлау-экономика бөлімінің бастығы, бас директордың экономика жөніндегі орынбасары.
  • 1994-2004 жылдары - «Ембімұнайгаз» ААҚ директорының экономика жөніндегі вице-президенті, экономика жөніндегі бірінші вице-президенті, экономикалық жоспарлау департаментінің директоры., «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалында бюджет құру және экономикалық талдау жүргізу департаментінің директоры.
  • 2005 жылдан - «ҚазМұнайГаз» Барлау өндіру» АҚ-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалы директорының экономика және қаржы жөніндегі кеңесшісі.

«Ерен еңбегі үшін» (1970), «Еңбек ардагері» (1989) медалдарымен марапатталған. <ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}