Георгий Павлович Ансимов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Георгий Павлович Ансимов (3.6.1922, Ресей Федерациясының Краснодар өлкесі, Усть-Лабинск ауданы, Ладога ст.) - орыс режиссері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1958), Ресей Федерациясының халық артісі (1973).

1955 жылы Мәскеудегі Мемлекеттік театр өнері институтын бітіргеннен кейін Үлкен театрда қоюшы-режиссер болып, бірқатар операларды сахнаға шығарды. Ол 1958 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде Қазақ опера және балет театры қойған Е.Г. Брусиловскийдің “Ер Тарғыны” мен “Қыз Жібек” және М.Төлебаевтың “Біржан-Сара” опералық спектакльдеріне реж.-кеңесші болған. Е.Г. Брусиловскийдің “Дударай” операсын Абай атындағы қазақ опера және балет театрларының сахнасында қойған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}