Георгий Андреевич Дроздов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Дроздов Георгий Андреевич - 1936 жылы 15 наурызда Батыс Қазақстан облысы Приуральный ауданында туған. Кескіндемеші. 1959 жылы әскерден оралғаннан кейін Орал қаласының кинотеатрларында суретші-безендіруші болып еңбек ете жүріп, Мұғалімдер үйіндегі бейнелеу өнері студиясына қатысады. Краснодар педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітіргеннен кейін қала мектептерінде сурет және сызу пәндерінен сабақ береді. Қалалық көркемсурет мектебі ашылуына байланысты, (1979 ж.) жұмысқа қабылданады және сол жерде зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін оқушыларға сурет салудың сандаған әдіс-тәсілдері, технологияларын үйретті. Балғын суретшілерге дәріс бере жүріп, қалалық Сурет көрмелеріне бірнеше мәрте қатысқан. <ref>Жазира Жайық. Батыс Қазақстан сүретшілері.-Орал,2010. - 56б.</ref>== Дереккөздер == <references/>