Географиялық мектеп

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Географиялық мектеп - [грек, geographia - жердің сипаты] - географиялық ортаны қоғам дамуының шешуші шарты әрі факторы ретінде мойындайтын саясаттанудың бір бағыты.<ref>Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7</ref> Географиялық мектептің әртүрлі өкілдері бүкіл географиялық жағдайлар жүйесінен қандай да бір элементті (ауа райы, топырақ, аумақ, жер бедері, өзендер, өсімдіктер дүниесі, жануарлар, хайуанаттар дүниесі, жер қыртысы және т.б.) ерекше бөліп қарастырды. Географиялық мектеп. идеялары XVIII-XIX ғасырларда ерекше қарқынды дамыды.Географиялық мектептің аса көрнекті өкілдері Ш.Монтескье, Г.Бокль, Ф.Ратцель, Э.Реклю, Ф.Ле Пле, Л.Фавр, Э.Хантингтон және т.б. Географиялық мектептің кейбір идеялары шектен шыққан реакциялық, жаулап алу мақсатында, әсіресе, фашизммен көбірек (К.Хаусхоффер және т.б.) қолданылды.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}