Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау конвенциясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау конвенциясы - соғыс және бейбіт уақытта жасалған халықаралық құқықпен айыпталатын қылмыстар жөніндегі 1948 ж. қабылданған конвенция (1951 ж. күшіне енді). "Геноцид" ұғымын халықаралық заңгер Р. Лемкин адамзатқа қарсы бағытталған аса сорақы қылмыстарды - II дүниежүзілік соғыс кезінде фашистік Германия жасаған холокосты атау үшін қолданды. Бүл адамдарды, олардың мәдениетін, болашақпен генетикалық байланысын үзуге бағытталған орны толмас, нағыз қаскүнемдік талпыныс болды. Халықаралық құқықта геноцидке тыйым салуды барлығы қолдап, өмірге енгізген кезде мынадай үш мәселе пайда болды: геноцидке тыйым салатын, геноцид себебін анықтайтын, болашақ та алдын алатын халықаралық ережелерді пайдалануды белгілеу және түсіндіру. Конвенцияда берілген геноцид жайлы анықтаманың мәні "қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюға бағытталған" кез келген іс-әрекетке саяды (2 бап). Бұдан нақтырақ 2-бап келесідей бес әрекетті геноцид деп таниды:осындай топ мүшелерін өлтіру; оларға ауыр дене зақымын келтіріп, жүйкесін бұзуы; 3) оның тұтастай немесе бір бөлігінің құрып кету қаупін туғызатын жағдайларға итермелеу; осындай топтың ішінде бала тууды болдырмауға бағытталған шаралар; бір топтың балаларын зорлықпен тартып алып, басқа топқа беру. Геноцидке қарсы қылмыстық істі қарау халықаралық трибунал құзырында. Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 7-бабына сәйкес "халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау шараларын" жүзеге асыру үшін 1993 ж. Қауіпсіздік Кеңесі бұрынғы Югославия бойынша Халықаралық қылмыстық трибунал құрды. 1994 ж. Қауіпсіздік Кеңесі Руанда бойынша геноцид нәтижесінде пайда болған істерді тыңдап, талқылайды. 2002 ж. 60 мүше-мемлекеттер ратификациялаған, 129 бабы бойынша Халықаралық қылмыстық сот құрған 1998 жылғы Рим Жарғысы күшіне енді. Бүл соттың құзыры Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерімен немесе айыпталушы азаматы болып табылатын мемле-кеттің келісімімен қойылады. Рим жарғысы тұрақты Халықаралық қылмыстық сотты белгілесе де, оның міндеттемелері, тіпті, саяси және әскери қылмыскерлерді тұтқындайтын Гаагалық трибуналға қарағанда әлсіздеу. Халықаралық қылмыстық соттың және Гаагалық трибуналдың жарғылары егемен иммунитеті негізінде ақтауды жоққа шығарады. Барлық халықаралық трибуналдар қандай да бір ұлттық, этникалық, нәсілдік немесе діни топтың өкілдерін түгелдей немесе жекелеп қасақана қырып-жоюға бағытталған кез келген іс-әрекетті дәлелдеуді талап етеді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геноцид қылмысының алдын алу және ол үшін жазалау конвенциясы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}