Геннадий Николаевич Тюркин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геннадий Николаевич Тюркин - 1953 жылы 12 сәуірде РКФСР Брянск облысы Брянск ауданы Пяльцо ауылында туған. Орыс. Әкесі - Тюркин Николай Федорович. Анасы - Тюркина (Артюхова) Марфа Павловна. Еңбек Қызыл Ту орденді Челябі ауыл шаруашылығын механикаландыру және электрлендіру институтын бітірген (1982), инженер-механик.

  • 1970 жылдан - Октябьдің 37 жылдығы атындағы кеңшардың аккумуляторшысы, тракторшысы, кәсіподақ төрағасы, аға инженері.
  • 1982 жылдан - «Красивинск» кеңшары партиялық ұйымының хатшысы.
  • 1984 жылдан - КСРО 50 жылдығы атындағы кеңшардың директоры.
  • 1990 жылдан - Қостанай облысы Амантоғай аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитетінің төрағасы.
  • 1991 жылдан - Арқалық аудандық комитетінің бірінші хатшысы, аудандық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
  • 1992 жылдан - Арқалық аудандық әкімшілігінің басшысы.
  • 1995 жылдан - Қостанай облысы Арқалық ауданының әкімі.
  • 1997 жылдан - Арқалық қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
  • 1998 жылдан - Қостанай облысы Астрахан ауданының әкімі.
  • 2004 жылдан бері - Қостанай облысы Қостанай ауданының әкімі. «Құрмет» (2001), «Парасат» (2007), Орыс православиелік шіркеуінің III дәрежелі Киелі де ізгі сенімді Князь Даниил (2006) ордендерімен, «Еңбектегі жетістігі үшін» (1976), «Астана» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2005), «Тыңға 50 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. Білім ісінің меценаты (2008).

Әскери атағы - запастағы майор.
Діни көзқарасы - атеист.
Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Н.Ә. Назарбаев.
Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Дүниежүзінің бәсекеге қабілетті елдерінің үздік 50-лігіне ену, ел тәуелсіздігін, оның өркендеуін, халықтың әл-ауқатының жақсаруын нығайту».
Хоббиі - саятшылық, балық аулау. Сүйіп оқитын әдебиеті - көркем әдебиет.

Үйленген. Жұбайы - Тюркина В. А. (1950 жылы туған), зейнеткер. Балалары - Кремнева Л.Г. (1972 жылы туған); Тюркин Г.Г. (1974 жылы туған); Тюркин А.Г. (1978 жылы туған).<ref>Қазақстан Республикасында Кімнің Кім екені – 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub